Нұр-Сұлтан әуежайына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар тарады

Автор: Azattyq Rýhy

Полицейлер тексеру кезінде әуежай аумағынан жарылғыш зат табылмағанын анықтады

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайы аумағына жарылғыш зат қойылды деген хабар жалған болып шықты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«28 шілде күні сағат 09:46-да «102» арнасына авиациялық қауіпсіздік қызметінен әуежайдың электронды поштасына әуежай аумағында қолдан жасалған жарылғыш құрылғысының қойылғаны туралы хабар келіп түсті. Құқық қорғау органдары тексеру жүргізді», – делінген хабарламада.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, тексеру кезінде әуежай аумағынан жарылғыш зат табылмаған.

Тәртіп сақшылары бомба туралы жалған хабар үшін қылмыстық жауапкершілік бар екенін ескертеді.