Күдікті кінәсін толық мойындап, аудандық уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды
Жамбыл облысында террорлық әрекет туралы жалған ақпарат берген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 26 шілдеде сағат 15:00 шамасында Тараз қалалық ПБ-ның жедел бақылау орталығына белгісіз тұлға «33 жастағы әйелдің Меркі шипажайына сөмкесіне жарылғыш заттар салып бара жатқаны» туралы хабарлаған.
«Оқиға орнына жедел түрде жеткен аудандық полиция қызметкерлері аумақты тексеру барысында ешқандай жарылғыш затты және күдікті әйелді анықтаған жоқ. Меркі АПБ және ҰҚК қызметкерлерiнiң жедел iздестiру шараларының нәтижесінде террорлық әрекет туралы көрiнеу жалған ақпарат берген 41 жастағы Тараз қаласының тұрғыны ұсталды», - делінген ПД хабарламасында.
Күдікті кінәсін толық мойындап, аудандық уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.
Қазіргі уақытта аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексiнiң 273-бабымен (Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.