$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
05.02.2020, 14:30
Оқиғалар

Аза тұту күні той тойлаған Ерейментау әкімінің видеосы жарияланды

Әлеуметтік желіде Аза тұту күні жаңа жылдық кеште көңіл көтерген аудан әкіміне қатысты видео тарады

27 желтоқсан күні Алматы іргесінде ұшақ құлап, 28 желтоқсан Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды. Сол күні еліміздегі барлық мемлекеттік мекемелерде ту төмен түсіріліп, мерекелік кештер мен ойын-сауық бағдарламалары кейінге шегерілді. Алайда, арада 10 күн өткенде Ақмола облысы Ерейментау ауданының әкімі аза тұту күні (28.12.2019 ж - ред.) мерекелік тойға барғаны анықталды. Осы оқиғаға байланысты Көкшетаудан Ерейментауға арнайы келген комиссия аудан әкімінің аза тұту күні жаңа жыл тойлағанын әшкерелеп берді. Әдеп кеңесінің отырысында әкімдік қызметкерлерінің көңілді кеш өткізгені дәлелмен айтып берген.

Бүгін әлеуметтік желілерде аудан әкімі қатысқан мерекелік кештен үзінді видео жарияланды.

Әдеп жөніндегі кеңес тәртіптік істі қарау қорытындысы бойынша қызметтік тергеу материалдарын зерделеп, Ақмола облысының әкімі аудан әкімі А.Әлжановқа «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолдануды ұсынды. Алайда, облыс басшысы Президент жарлығын елемеген аудан әкіміне қатысты қандай шешім қабылдағаны айтылған жоқ.  

Оқи отырыңыз: «Жұмыстан босатылмайды»: Аза тұту күні той тойлаған Ерейментау әкіміне қатаң ескерту берілді

Серіктес жаңалықтары