$ 542.03  627.29  6.66
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ШҚО-да бір күн бұрын жоғалып кеткен 3 жасар бала іздестіріліп жатыр

Әділхан Сейсембайды іздеу жұмыстарына барлығы 621 адам жұмылдырылды

ШҚО-да бір күн бұрын жоғалып кеткен 3 жасар бала іздестіріліп жатыр

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданында 3 жасар бала жоғалып кетті. Баланы іздеуге 600-ден астам адам тартылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

ШҚО полиция департаментінің хабарлауынша, Әділхан Сейсембайдың жоғалып кеткені туралы оның әкесі хабарлаған.

«Бала Таврия ауылындағы үй ауласынан әдеттегідей ойнауға шыққан, бірақ біраз уақыттан кейін жоғалып кеткен. Баланың осы уақытқа дейін қайда екені белгісіз. Баланы іздеу жұмыстарына барлығы 621 адам жұмылдырылды. Сондай-ақ квадрокоптерлер мен тікұшақ тартылды», - делінген ПД хабарламасында.

Бүлдіршінді полицейлермен қатар, құтқарушылар, еріктілер мен жанашыр тұрғындар түні бойы іздеген. Баланы соңғы рет 24 шілдеде кешкі уақытта ауыл шетінен көргендер бар.

«Баланың бойы 90-100 см, дене бітімі арық, шашы қара, көзі қоңыр. Үстінде жасыл түсті футболка, ақ-көк түсті қалпақ, жасыл түсті шорты, қара-көк түсті кроссовка болған. Жоғалған баланың орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат болса «102» жедел арнасына хабарласу қажет», - делінген ПД хабарламасында.

 

Серіктес жаңалықтары