Балалардың ең кішісі екі жаста
Атырауда бес бала мен олардың анасына ыс тиіп қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық ТЖ департаментіне сілтеме жасап.
«4 ақпан күні облыстық балалар ауруханасына 32 жастағы ана мен оның екіден 13 жасқа дейінгі бес баласы жеткізілді. Олардың барлығы көмірқышқыл газынан уланған», - деді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіндегілер.
Департамент өкілдерінің айтуынша, олардың улануына үйдегі пештің ақауы әсер еткен.
Аймақтың денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, зардап шеккен әйел мен бес балаға медициналық көмек көрсетілген. Олар ем қабылдап жатыр. Олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.