$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.07.2022, 15:31
Оқиғалар

«Басы қысылып қалған»: Алматыда студент 7-қабаттан құлағалы тұрған сәбиді құтқарды

Оқиға 21 шілде күні 18 қабатты «Алтынбұлақ» тұрғын үй кешенінде болған

«Басы қысылып қалған»: Алматыда студент 7-қабаттан құлағалы тұрған сәбиді құтқарды
Видеодан кадр

Алматыда көпқабатты тұрғын үйдің 7-қабатынан құлап кете жаздаған сәбиді педагогикалық университеттің 19 жастағы студенті құтқарып қалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлағандай, оқиға 21 шілде күні 18 қабатты «Алтынбұлақ» тұрғын үй кешенінде болған.

Құтқарушыларға хабарласқан оқиға куәгері, Нұр-Сұлтан қаласының 67 жастағы тұрғыны Ермекбай Тамабаев кішкентай баланың жетінші қабаттағы өрт баспалдағының қоршауына басы қысылып, денесі салбырап тұрғанын айтады.

«Баланың жанұшыра жылаған дауысын естіп, жоғарыға қарасам, басы темір торға қысылып қалған екен. Денесі мен қолы сыртта салбырап тұрды. Бала кез келген уақытта құлап кетуі мүмкін еді. Қолымдағы бір жасар немеремді тастап кете алмағандықтан үйдің кіреберісінде тұрған жастарды көмекке шақырдым. Олардың арасындағы бір жас жігіт жүгіріп келді. Абырой болғанда, кішкентай баланы сол жігіт аман алып қалды», - дейді куәгер Ермекбай Тамабаев.

Ермекбай Тамабаев студент жігіттің баланы соңғы секундтарда ұстап үлгергенін айтады.

Сәбиді өлімнен арашалап қалған 19 жастағы жас жігіт Махмуд Ерасыл Архатұлы Абай атындағы педагогикалық университеттің дене шынықтыру факультетінің студенті екен.

Қалалық төтенше жағдайлар департаменті ер адамды да, студентті де марапатқа ұсынды.

Серіктес жаңалықтары