Алдын ала мәлімет бойынша, олар құдықта жиналған газ буынан уланған
Семейде кәріз құдығынан газ буынан уланып көз жұмған екі ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі YK-news.kz-ке сілтеме жасап.
«Семейде кәріз құдықтарының бірінен екі ер адамның мәйіті табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, олар құдықта жиналған газ буынан уланған», - делінген хабарламада.
Куәгерлердің айтуынша, оқиға «Роща» аялдамасына жақын жерде болған.
«21 шілдеде Затон полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, оның аясында бірқатар сараптамалар тағайындалды және барлық мән-жайды зерттеу үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады Семей қалалық ПД баспасөз қызметі.