2007 жылы туған қыз бала үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен
2007 жылғы Алена Григорьева 15 шілде күні шамамен сағат кешкі алтыда С. Нұрмағамбетов көшесі, 120/2 мекенжайынан белгісіз бағытта шығып кеткен, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
«Бойы - 158 см, көзі - көк-сұр, шашы қысқа, оң жақ қолының іші жағында буынынан шынтағына дейін айдаһар түрінде тату бар», - дейді «VITA» еріктілері.
Шығып кеткен кезде қысқа көйлек пен алтын түсті аяқ киім киіп кеткен. Қолында сөмкесі болған.
Оның қайда жүргені туралы қандай да бір ақпарат болса, +7 747 615 55 63 (Катерина), + 7 777 334 82 01 (Светлана) және 102 нөмірлері бойынша хабарласуды сұрайды.