Ақтөбе облысында 31 жастағы жігіт суға батып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Қайғылы оқиға 16 шілде күні тіркелген

Фото: pixabay.com

Ақтөбеде тағы бір адам суға батып кетті. 31 жастағы жігіттің денесі 6 метр тереңдіктен табылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 16 шілде күні тіркелген.

«ТЖД кезекші-диспетчерлік басқару пультіне Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Қызылсу ауылдық округі Сарсай ауылы маңындағы Александровка су қоймасында ер адамның суға кеткені туралы хабар түсті. Ол тыйым салынған жерге суға түскен. Құтқарушылардың күшімен 31 жастағы ер адамның денесі 6 метр тереңдіктен шығарылды», -делінген хабарламада.

ТЖД өкілдері су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін еске салады. Алкоголь және есірткіден мас болған күйінде суға түсуге және шомылуға болмайды. Тексерілмеген және жабдықталмаған аумақта сүңгу қауіпті.

Еске салсақ, бұған дейін Ақтөбеде 27 жастағы жігіттің, сондай-ақ Мұғалжар ауданы Құмжарған ауылдық округіне қарасты Шеңгелші ауылында 34 жастағы ер адамның батып кеткенін хабарлаған болатынбыз.