ТЖД мәліметінше олар рұқсат етілмеген жерде суға түскен
8 шілде күні Меловые горки кенті маңында ағайынды екі жігіт Жайық өзеніне батып кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Сағат 17.35-те екі адамның Жайық өзеніне батып кеткені жөнінде хабар түсті. Жедел құтқару жасағының күшімен іздестіру жұмыстары барысында 1991 және 2003 жылғы ағайынды жігіттердің денесі судан шығарылды»,- деп хабарлады БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен.