Өрт кезінде 19 жастағы студент уланып қалған
Атырауда бес қабатты үйлердің бірінен шыққан өрттің ішінде қалған балалар құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстық ТЖД мәліметінше, өрт сөндірушілер төрт баланы дер кезінде қауіпсіз жерге шығарып үлгерген.
«Таңғы сағат 6:20 шамасында пәтердің өртеніп жатқаны жөнінде хабарлама келіп түсті. Өрт төртінші қабаттағы пәтердің жатын бөлмесінен шыққан. Төрт бала құтқарылды», — делінген ТЖД хабарламасында.
Өрт кезінде 19 жастағы студент уланып қалған. Оған медициналық көмек көрсетілді. Куәгерлердің айтуынша, пәтердің түгелдей жанып кеткен.