Зардап шеккен тұрғынның жағдайы ауыр деп бағаланды
Екібастұзда көлік қағып кеткен әйел жансақтау бөліміне түсті, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz. Жол-көлік оқиғасы Кеншілер – Беркімбаев көшелерінің қиылысында болған.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 6 шілде күні сағат 16.20-да «Audi-80» маркалы автокөлігінің 39 жастағы жүргізушісі 45 жастағы қала тұрғынын қағып кеткен.
«Жол апаты салдарынан жаяу жүргінші Екібастұз қаласының ауруханасына жеткізілді. Көлік құралы айып тұрағына қойылды. Аталмыш фактілер бойынша тексеру жүргізілуде. Сараптама тағайындалды», - дейді департаментте.
Өңірлік денсаулық сақтау басқармасында әйел адам көптеген жарақат алғанын хабарлады.
Зардап шеккен тұрғын жансақтау бөліміне жатқызылған, жағдайы ауыр деп бағаланады. Екінші дәрежелі травматикалық шок алған.