Ұсталған азамат кінәсін толық мойындады
Өткен жылдың соңында Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы тұрғынының 13 жылқысы ұрланып, аудандық полиция бөліміне хабарлаған. Жедел іздестіру қызметіне кіріскен полиция өкілдері күдіктіні қолға түсіріп, ұрланған 13 бас жылқыны иесіне қайтарып берген.
«Өткен жылдың соңында аталған ауданға қарасты Құлан аулының «Шөңгер» тау бөктерінің жайылымынан 58 жастағы тұрғынның жеке шаруақожалығына тиесілі 13 бас жылқы ұрланғаны туралы аудандық полиция бөліміне шағым түскен. Полиция қызметкерлері жедел іздестіру жұмыстарын жүргізіп, 2020 жылдың 21 қаңтарында қылмысқа қатысы бар Т.Рысқұлов ауданының 44 жастағы тұрғыны ұсталды», - деп хабарлайды Polisia.kz.
Күдікті кінәсін толық мойындап, аудандық уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Ұрланған жылқылар иесіне қайтарылды. Қазіргі қамауға алынған азаматқа қатысты Қылмыстық кодекстің 188-бабы 3-бөлігі (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр