Өрт 0,06 гектар аумақты қамтыды
Павлодар облысында Александров ауылдық округінің Сүгір ауылында өрт тіркелді, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 3 шілдеде сағат 12.48-де Бауыртал орманшылығының 124-орамы аумағында орман қорының орманмен жабылмаған 0,06 гектары жанған.
«Сағат 12.38 минутта сөндіріле бастап, 18.14-те толық сөндірілді. Өрттің шығуына найзағай разряды себеп болған. Оқиға орнына Бауыртал орманшылығынан бес техника, оның ішінде бір соқасы бар трактор тартылды, - дейді департаментте.
Сондай-ақ дала орманшылығынан бес техника, оның ішінде бір соқасы бар трактор, 14 орман қорғау қызметкері, МИ-2 авиаборты, Шарбақты ауданының ТЖ бөлімінен бір маман жұмыс істеді.