Автобуста барлығы 35-ке жуық жолаушы болған
Пәкістанның оңтүстік-батысында жолаушылар автобусы шамамен 61 метр биіктіктен құлап кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy
“Синьхуа” агенттігінің хабарлауынша, қайғылы жол-көлік апатынан 20 адам қаза тауып, 12 адам жараланған.
Автобуста барлығы 35-ке жуық жолаушы болған.
Болжам бойынша, апатқа ауа райының қолайсыздығы, қатты жаңбыр жауып, жолдың тайғақ болуы себеп болған.
Айта кетсек, осы жылдың 8 маусымында да осыған ұқсас жағдай болып, автобустың жардан құлауы салдарынан оқиға орнында 22 адам қаза тапқан болатын.