Есепші маман 500 мың теңге сомасындағы ақшалай қаражатты алу кезінде ұсталды
Қостанайда жеке бухгалтер аудит жүргізуге құқығы болмай, бұзушылықтарды жасырғаны үшін Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын қызметкерлерінен ақша талап еткен, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.
«ҚМА Қостанай облысы бойынша департаменті бюджет ақшасын ұрлаумен байланысты қылмыстық іс бойынша жеке аудиторлық компанияны тартты. Аталған компания өз кезегінде аудитордың ассистенті ретінде кәсіби бухгалтерді жалдаған. Тексеру барысында МКК-на қатысты қылмыстық іс аясында жалданған есепші мекеменің материалдық-жауапты тұлғаларын қорытынды жасап, оған анықталған бұзушылықтарды енгізуге не қоспауға құқылы екендігіне сендіре отырып, мемлекеттік кәсіпорын қызметкерлерінен жалпы сомасы 3 млн 80 мың теңге ақша қаражатын алдау жолымен алды. Шын мәнінде, ол мұндай өкілеттіктерге ие болмады, өйткені ол аудитор емес және бұл оның міндетіне кірмеді»,-деп мәлімдеді ҚР Қаржылық мониторинг агенттінің баспасөз қызметі.