Көлік жүргізушісі ауруханада жатыр
Павлодар-Екібастұз бағытындағы жолда болған апатта әйел адам көз жұмды. Жол апаты Құлакөл ауылына жақын маңда болған, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше, 29 маусым күні сағат 17:10 Павлодар-Екібастұз бағытындағы жолда Chevrolet Tracker автокөлігінің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, жол шетіне аударылып кеткен.
«Жол-көлік оқиғасының салдарынан Chevrolet Tracker көлігіндегі әйел жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Көлік жүргізушісі алған жарақаттарымен Екібастұз қаласының ауруханасына жатқызылды», - деді департаментте.
Автокөлік айып тұрағына қойылды. Сараптама тағайындалды. Тексеріс жүргізіліп жатыр.