Алматы облысында жасөспірім қызды зорлаған жаттықтырушы сотталды

Автор: Әйгерім Ердәулет

Сот үкімі әлі өз күшіне енген жоқ

Фото: ашық дереккөзден

Алматы облысында таэквондо тренері өзі жаттықтырып жүрген шәкіртін зорлаған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Кінәсі дәлелденіп 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған жаттықтырушы 1988 жылы туған азамат. 

"Алматы облысы мамандандырылған кәмелет жасына  толмағандардың ісі жөніндегі ауданаралық соты үкім шығарды. Тренер ҚР ҚК 212 бабы 2 тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Оған өмір бойына жасөспірімдермен жұмыс істеуге тыйым салынды",-деп мәлімдеді Алматы облысы сотының баспасөз қызметі.

Сот үкімі әлі өз күшіне енген жоқ. Сот жабық өткен.