48 жастағы әнші жүрек ауруы салдарынан Мәскеудегі ауруханада көз жұмған
Әйгілі «Ласковый май» тобының әншісі Юрий Шатунов қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әншінің өмірден өткені туралы ресейлік Telegram арналары хабарлады.
48 жастағы әнші Юрий Шатунов жүрек ауруы салдарынан Мәскеудегі ауруханада көз жұмған.
Юрий Шатунов - кеңестік кезеңде аты аңызға айналған «Ласковый май» тобының жас әншісі ретінде танымал болған музыкант. Оның репертуарының басым бөлігі өзін 80-жылдардың аяғында танымал еткен «Белые розы», «Седая ночь», «Старый лес» және т.б. әндерден тұрды.
Ю. Шатунов жай ғана әнші емес, көптеген беделді музыкалық наградалардың иегері, миллиондаған кеңестік жасөспірімнің кумирі болған еді.