Семейде ер адам Ертіс өзеніне батып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Ол рұқсат етілмеген жерде шомылған

Семейде рұқсат етілмеген жерде өзенге шомылған ер адам суға батып кетті, деп хабарлады Semeynews.kz.  

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 20 маусымда Ертіс өзенінің жағасында рұқсат етілмеген жерде өзенге шомылған 1985 жылғы ер адам суға батып кетті. Ер адамды іздеуге сүңгуірлердің күші жұмылдырылды. 

21 маусымда сағат 10:57-де жағадан 40 метр жерде, 5 метр тереңдікте ер адамның денесі табылды.