Бұл туралы «AB Construction» ЖШС компаниясының баспасөз қызметі хабарлады
Теміртауда «AB Construction» ЖШС жұмысшысы жылу электр орталығының қазандығында жұмыс істеп жүріп, биіктен құлап қайтыс болды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«2022 жылдың 16 маусымында 2-ЖЭО-ның №7 қазандығында монтаждау жұмыстары кезінде адам өліміне әкелген апат болды. «AB Construction» ЖШС-нің 1986 жылы туған жұмысшысы өмірге сәйкес келмейтін дене жарақатын алып, биіктен құлап кетті. Іс тергеліп жатыр», - делінген хабарламада.
«AB Construction» компаниясының басшылығы марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтады.