Ақтөбеде тұрғынның 1 млн теңгесін қорқытып тартып алған ер адам ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Қаскүнем жәбірленушіден артынша тағы 1,5 млн ақша талап еткен

 

Ақтөбелікті қорқытып, 1 млн теңгесін иемденіп алған күдікті қолға түсті, деп хабарлайды Polisia.kz.

4 маусым күні полиция бөліміне 32 жастағы жергілікті тұрғын бопсалау дерегі бойынша арызданған. Ер адамның айтуынша, бейтаныс жігіт күш көрсету арқылы оны қорқытып, 1 млн теңге көлемінде ақшасын иемденіп кеткен. Бірақ қаскүнем мұнымен тоқтамай, тағы да 1,5 млн ақша талап еткен.

Полиция қызметкерлері арнайы жасақ сарбаздарымен жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 450 мың теңгені беру кезінде бұрын сотталған 32 жастағы күдіктіні ұстады.

ҚР ҚК-нің 194-бабы (Қорқытып алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктіге қамауға алу бұлтарпау шарасы қолданылды.