Құтқарушылар оларды ауылға аман-есен жеткізді
Шығыс Қазақстан облысында екі ер адам моторлы қайықпен өзенге шығып, жоғалып кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Глубокое ауданында екі ер адам моторлы қайықпен Қарагужиха ауылының маңында өзенге шығып, жоғалып кеткен.
Жоғалғандарды ТЖД жедел-құтқару жасағының қызметкерлері іздеуге шықты.
«Белопорожка өзенінің ағысынан екі ер адам табылды, олардың кемелері қайраңда тұрып қалған. Құтқарушылар екі ер адамды ауылға аман-есен жеткізді. Оларға медициналық көмек қажет емес», - деді ТЖД өкілдері.