Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр
Ақтөбеде құрылысы бітпеген нысандардың бірінің аумағынан 12 жастағы баланың сау-тамтығы қалмаған денесі табылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Ақтөбе облыстық полиция департаментінен мәлім еткендей, баланың денесі 9 маусымда табылған. Болжам бойынша, баланы бұралқы иттер талап өлтірген.
«Есет батыр тұрғын алабындағы №3 шағынауданда салынып жатқан нысандардың бірінің ауласынан 12 жасар жасөспірімнің денесі табылды. Жыртқыш жануардың талап тастауынан болған адам өлімі бойынша («көп қан жоғалту, басының, денесінің, аяқ-қолының көптеген жарақаты») қылмыстық іс қозғалды», - делінген ПД хабарламасында.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалған. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.