Түркістан облысында аптап ыстықтан ақылы жол жарылып кетті

Автор: Мира Байбек

Жолдың көтеріліп кеткен бөлігі алынып тасталды

Фото: әлеуметтік желіден

Түркістан облысында аптап ыстықтан ақылы жол жарылып кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

"ҚазАвтоЖол" мәліметінше, 8 маусымда  сағат 17.00 шамасында Түркістан облысындағы Төрткөл ауылы маңындағы Қызылорда-Шымкент ақылы жол учаскесінде ауа температурасының жоғарылауына (+40-45 С) байланысты жолдың цементті бетон тақтасы көтеріліп кеткен. 

"Жолдың көтеріліп кеткен бөлігі алынып тасталды. Мердігер «ШымкентЖолҚұрылыс» ЖШС қиыршықтас-құм төсеп, асфальт жабындысын жауып, жолды уақытша қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді. Жол жөндеу жұмыстарына 10 адам мен 5 техника (3 самосвал, 1 тиегіш, 1 гидравликалық балға) жұмылдырылды", - делінген хабарламада.

Жолдың аталған бөлігіне жылдамдықты шектеу, жол бөлігінің тарылуы сияқты ескерту  белгілері орнатылды. Жол учаскесіне Түркістан облысы ПД патрульдік көліктері қойылды.