Ақтөбе облысында құбыр ішіне кептеліп қалған ер адам құтқарылды

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиға 4 маусым күні болған

Ақтөбе облысының Жаңақоныс ауылында ер адам шұңқырдағы құбыр ішіне түсіп, қайтып шыға алмай қалған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі «Диапазон» сайтына сілтеме жасап.

Облыстық ТЖД мәліметінше, оқиға 4 маусым күні болған.

Белгілі болғандай, 29 жастағы ер адам диаметрі 400 мм құбырға түсіп, өздігінен жоғары көтеріле алмаған.

«Құтқару операциясына 8 адам қатысты. Құбырдан құтқарушылардың көмегімен шығарылған адамға медициналық көмек қажет болған жоқ», - делінген ТЖД хабарламасында.