Павлодарда жоғалып кеткен жүкті әйел табылды

Автор: Azattyq Rýhy

29 жастағы әйел 3 маусымда перзентханадан шығып кетіп, қайтып оралмаған 

 
Фото: pavlodarnews.kz

Бұған дейін әйел перинаталдық орталықтан рұқсатсыз шығып кеткен, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

«VITA» іздеу жасағы жақсы жаңалық жеткізді.

«Перзентханадан өздігінен кетіп қалған әйел табылды, ол аман-есен. Өзіңдеріңізге және жақындарыңызға қамқор болыңыздар!» – делінген хабарламада.

Айта кетсек, бұған дейін Павлодарда жүкті әйелдің жоғалып кеткені хабарланған болатын. Ақпаратты волонтерлер әлеуметтік желіде жариялады. 3 маусым күні 29 жастағы Вера Салахудинова генерал Дүйсенов көшесі, 4/2 мекенжайындағы перинаталдық орталықтан белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайтып оралмаған.