Өндірістік жарақат: Ақсуда балқытушының аяғын тиегіш басып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

49 жастағы ер адам жарақатпен ауруханаға жеткізілді

Фото: ашық дереккөзден

Ақсуда балқытушының аяғын тиегіш басып кетті, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, өндірістік цехтардың бірінде тиегіш 49 жастағы балқытушы өндірістік жұмыстар кезінде аяғын таптап кеткен. 

"Ер адам жарақатпен ауруханаға жеткізілді", - деді департаментте.  

Облыстық еңбек басқармасында жұмыс беруші өтінішпен жүгінгенін және жазатайым оқиғаға қатысты тергеу үйымдастырылғанын хабарлады.