Екібастұзда көршісінен қорлық көрген әйел көмек сұрады

Автор: Azattyq Rýhy

Әйел "НеМолчи" қорына жүгініп, полицияның әрекет етпей отырғанын айтып шағымданған

Фото: ашық дереккөзден

Nemolchi.kz қоғамдық қоры Екібастұздағы адам шошырлық оқиға жайлы пост жариялады, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Қор таратқан ақпарат бойынша, 14 мамырда Екібастұзда тұратын әйел #НеМолчиKZ қорына хабарласып, көршісінің тарапынан 15 күн шабуыл жасалғанын және полицияның әрекет етпей отырғанын айтып, көмек сұраған. 

«Біз Екібастұз полиция басқармасына, Павлодар полиция департаментіне және ҚР Ішкі істер министрлігіне хабарладық және ол жерде бірден шара қабылдап, істі бастады, сот өтті. Дегенмен нәтиже жоқ.  Соттан кейін бәрі қайталанды. Жәбірленушімен ұзақ уақыт сөйлестім, ол ендігі ештеңеге сенбейді және оны жазалауды өтінді», - деп жазылған хабарламада.

Көрші тұратын ер адам 22 күннің ішінде 20 күн бойы әйел адамның пәтерінің терезелері мен құлпын, есігін сындырған.  

«20 күн бойы нені күтіп отырсыздар? Әйелді өлтіріп кетуі керек пе? Бұрын ол бұрынғы әйеліне де солай істеген, терезелерін сындырып, мүлкін бүлдірген, бірақ көршісі әйелі емес, неге қамауға алынбады? Неге қорғау нұсқамасы шығарылады? Екібастұз полицейлерінің есіне салайын, Атырауда ер адам 15 күн әйелінің соңына түсіп, үйіне кіріп, балғамен басын жарған, кейін өзі ваннада  асылып қалған», - дейді қор өкілі. 

Павлодар облыстық полиция департаментінде аталған факті бойынша Екібастұз қалалық полиция басқармасы Қазақстан Республикасы ҚК 149-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады. 

«Екібастұз қаласы тұрғынының 14 мамырдағы өтініші бойынша учаскелік полиция инспекторы ҚР ӘҚБтК 434 және 73-баптары бойынша әкімшілік іс жүргізуді қозғады. Материалдар сотта қаралды. Сот қаулысымен көршісіне қатысты әкімшілік ықпал ету шаралары қабылданды: 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, қорғау нұсқамасы шығарылып, ескерту жасалды және мінез-құлқына ерекше талаптар қойылды», - дейді департаментте.  

Nemolchi.kz ҚҚ бұл жайтқа қатысты Павлодар прокуратурасынан  шұғыл шаралар қолдануды және қауіпті қылмыскерді қоғамнан оқшаулауды сұрайды.