Қазір күйіп кеткен ер адамның жеке басы анықталып жатыр
Шымкентте өрт сөндіру кезінде ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ОТЫРАР сайтына сілтеме жасап.
21 мамыр күні сағат 21:45-те 101 пультіне Еңбекші ауданы, Тәуке хан даңғылының бойында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті,
Өрт сөндіру қызметкерлері 2 қабатты (жалпы көлемі 400 ш.м) ғимараттың бірінші қабатында 200 шаршы метр аумақта ағаш тақтайша өртенгенін анықтады.
Өрт 22:17-де оқшауланып, 22:27-де толық сөндірілді.
Өртті сөндіру кезінде ер адамның күйіп кеткен мәйіті табылды, қазір оның жеке басы анықталып жатыр.
Өрттің шығу себебін Шымкент полициясы анықтап жатыр.