Күдікті қашып кеткен: Шымкентте тергеу абақтысының 17 қызметкері қатаң тәртіптік жазаға тартылды

Автор: Azattyq Rýhy

Қазір тергеу изоляторында қызметтік тексеріс басталды

Фото: ашық дереккөзден

Шымкентте тергеу абақтысының 17 қызметкері қатаң тәртіптік жазаға тартылды,  деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл шара изолятордан күдіктінің қашып кетуіне байланысты қолданылды. Қылмыстық атқару жүйесі департаменті аталған абақтының тағы 1 қызметкері жұмысынан босатылғанын хабарлады. Қазір тергеу изоляторында қызметтік тексеріс басталды. Қалалық полиция департаменті аталған жағдайға байланысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. 

Айта кетейік, 11 мамыр күні бұл изолятордан мұнай-газ құбырынан ұрлық жасады деген күдікпен қамауда отырған күдікті қашып кеткен. Әлеуметтік желіге тараған видеожазбадан қашқынның абақты ішінде емін-еркін жүріп, еш қиындықсыз далаға шығып кеткенін көруге болады.