Қазіргі уақытта жаңбыр суын сору жұмысы жалғасып жатыр
Атырауда нөсерден кейін 7 тұрғын үй мен 15 ауланы, сондай-ақ 25 көшені су басып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті қоғаммен байланыс тобының мәліметінше, 10 мамыр сағат 21:00-ге дейін 7 жеке тұрғын үй, 15 аула мен 25 көшені жаңбыр суы басып қалған.
«Толассыз нөсер жауыннан Атырау қаласының аумағында 36 мм ылғал түсті. Бұл – айлық нормадан артық ылғал. Нөсердің салдарынан шаһардағы тұрғын үйлер мен аулаларды, көшелерді басқан су деңгейі 15 см-ге дейін көтерілген», - делінген ТЖД өкілдері.
Осы уақытқа дейін облыстық төтенше жағдайлар департаментінің және жергілікті атқарушы органның техникаларымен 2 679 текше метр су сорылды.
Қазіргі уақытта жаңбыр суын сору жұмысы жалғасып жатыр. Аталған жағдайға байланысты орай арнайы штаб құрылды.