Оқиға 7 мамыр күні кешкі сағат 19:45-те болған
Қызылорда қаласында жастар арасында атыс болып, үш адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Белгісіз біреулер 1996 жылы туған Ернияз Боранбайды аңшы мылтығымен басынан, 1993 жылы туған Қуандық Жүсіповті «Макаров» тапаншасымен бетінен атып өлтірген. Сонымен қатар аты-жөні анықталмаған азаматтың мәйіті анықталды. Оны «Макаров» тапаншасымен кеудесінен атқан.
«Бұған қоса 1975 жылы туған Қансейіт Мектепбаевтың екі аяғына және 1999 жылы туған Аманжол Әшірметтің бір аяғына оқ тиген. Қазір жедел-тергеу тобымен іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр», көрсетті полицейлер.