Алматыда оқушы қыз өзіне қол жұмсап көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

2006 жылы туған өз үйінің ауласында асылып қалған

Фото: News.yandex.kz

Алматыда 2006 жылы туған қыз өзіне-өзі қол жұмсады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратты Алматы қалалық полиция департаменті растады.

Қалалық ПД мәліметінше, қайғылы оқиға 4 мамырға қараған түні Алматының Медеу ауданында болған.

«2006 жылы туған мектеп оқушысы өз үйінің ауласында асылып қалған. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Бұл факт Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнің 105-бабы бойынша тексеріліп жатыр», - деді Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

ПД өкілі оқиғаның себебі мен өзге де мән-жай анықталып жатқанын атап өтті.