Павлодар ауданында көлік қағып кеткен жаяу жүргінші қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Жол-көлік оқиғасы Омбы – Майқапшағай автожолының 387  шақырымында болған 

Фото: ашық дереккөзден

Павлодар ауданында көлік қағып кеткен жаяу жүргінші қаза тапты, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше,  3 мамыр күні сағат 22.10-да  Павлодар ауданы Госплемстанция ауылынан 1  шақырымда «Toyota RAV4» маркалы автокөлігінің 58 жастағы жүргізушісі 1962 жылы туған жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

"Ол жолдың жүру бөлігін белгіленбеген жерден кесіп өткен. ЖКО салдарынан жаяу жүргінші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды", -  деді департаментте. 

Автокөлік арнайы айып тұрағына  қойылып, тексеріс жүргізіліп жатыр. 

Айта кетейік, осы жылдың басынан бері облыс жолдарында 127 ЖКО тіркелді. Салдарынан 21 адам қаза тапты, 193 адам жарақат алды.