Бүлдіршін Ана мен бала орталығына жатқызылды
Өскеменде көпқабатты үйдің балконынан 4 жасар ұл бала құлап кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ШҚО Төтенше жағдайлар баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға 2 мамыр күні сағат 18:24-те Виноградов көшесінде болған.
«2018 жылы туған бала 3-қабаттың балконынан құлап кетті. Оқиға болған сәтте үйде баланың әкесі болған. Жедел жәрдем дәрігерлері баланы бірден ауруханаға жеткізді. Қазір бүлдіршін Өскемендегі Ана мен бала орталығына жатқызылды», - делінген хабарламада.
Құтқарушылар балалардың терезеден құлап кету оқиғасы көбінесе ата-анасы қараусыз қалдырған кезде болатынын, сондай-ақ москитті тордың бала салмағын ұстай алмайтынын ескертеді.