Қазіргі кезде тергеу жұмыстары басталды
Полицейлер 13 жастағы жасөспірім қызға ішімдік ішуге итермелеу фактісі бойынша тергеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Ақмола облысы Ақкөл ауданының елдімекендерінің бірінде 13 жастағы баланы есеңгірететін заттарды пайдалануға және бірнеше рет спирттік ішімдік ішуге тарту дерегі анықталды. Заңсыз әрекеттер 2021 жылғы 25-26 желтоқсан аралығында жасалғаны белгілі болды», - делінген облыстық ПД хабарламасында.
Қазіргі уақытта Ақкөл аудандық ПБ тергеу бөлімі аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 133-бабының 1-бөлігіне «Кәмелетке толмаған баланы қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға тарту» сәйкес сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Айта кетсек, кәмелетке толмаған жасөспірімді алкоголь және құрамында спирті бар өнімдерді, есеңгірететін заттарды жүйелі пайдалануға (ішуге) тарту жасөспірімдерді маскүнемдік сияқты ауыр зардапқа әкеп соғады, ал баптың санкциясы осы қылмыс үшін үш жылға дейін бас бостандығынан айыруды барынша жазалауды көздейді.