Астанада электроника дүкенін тонаған ұры ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Күдікті бұрын сотталған 41 жастағы қала тұрғыны болып шықты

Фото: ашық дереккөзден

Елордадағы “Жаннұр” СҮ-інде ер адам құны 410 мың теңге тұратын ноутбукты ұрлаған. Оның әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Күндізгі уақытта күдікті электроника бутигіне кіріп, сатушыға байқатпай ноутбукты қойнына тығып алып кеткен. 

Тергеу барысында бұл күдіктінің соңғы ұрлығы емес екендігі анықталды. Кешкі уақытта ол “Технодом” сауда үйінде тауарлар сөресінен құны 187 мың теңге болатын сымсыз құлаққаптар мен модельдерді қолды еткен.

Қылмыс жасалған жердің периметрі бойынша орнатылған бейнебақылау камераларын қарау кезінде жедел уәкілдер ұрлыққа қатысы бар деген күдіктіні анықтады. Ол бұрын сотталған 41 жастағы қала тұрғыны болып шықты. 

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 188-бабы “Ұрлық” бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті өз кінәсін мойындады.