Семейде жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Жаяу жүргіншінің денсаулық жағдайы әзірге белгісіз

Фото: ашық дереккөзден

Семейде реттелмейтін жаяу жүргіншілер жолағында жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 20 сәуірде сағат 13:20 шамасында Кәрменов көшесі бойында LADA 2114 маркалы көлікті тізгіндеген 23 жастағы жүргізуші реттелмейтін жаяу жүргіншілер жолағында жаяу жүргіншіні қағып кетті.

Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚК 600-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Аталған бап бойынша 10 АЕК көлемінде айыппұл көзделген.

Айта кетейік, жаяу жүргіншінің денсаулық жағдайы туралы айтылмады.