Ақтауда жаяу жүргіншілер өткелінде жасөспірімді көлік қағып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

 

Видеодан кадр

Ақтауда жаяу жүргіншілер өткелінде жасөспірімді көлік қағып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 28 және 29-шағынаудандар арасында, «Метрополис» сауда орталығының алдында болған.

«Жаяу жүргіншіні бүгін, 18 сәуір күні сағат 10:57-де қағып кеткен. «Метрополис» сауда орталығына қарама-қарсы орналасқан 28-29 ықшамаудандар арасындағы реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде Lada Priora көлігінің жүргізушісі 14 жастағы баланы қағып кеткен», - делінген ПД хабарламасында.

Зардап шеккен жасөспірім Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді. Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.