Павлодарда мектептен өрт шығып, 414 бала эвакуацияланды

Azattyq Rýhy

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр

Павлодарда мектептен өрт шығып, 414 бала эвакуацияланды
Фото: Стрингер

Павлодарда №1 мектептен өрт шығып, 414 бала эвакуацияланды. Жедел жәрдем бригадасы оқиға орнынан ауруханаға бес адамды алып кетті, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД  баспасөз қызметінің мәліметінше, 15 сәуір күні Малайсары батыр көшесі, 3 мекенжайы бойынша үш қабатты  № 1 жалпы орта білім беру мектебінен өрт шыққан. 

"Үшінші қабаттағы кітап сақтау кабинетінде 15 шаршы метр алаңда жиһаз, кітап жанған.  Өрт сөндіру бөлімшесі келгенге дейін 479 адам, оның ішінде 414 бала сыртқа шығарылды", - деді департаментте. 

Қазіргі таңда ауруханаға жеткізілгендер бойынша ақпарат нақтыланып жатыр. 

Өрт сағат 11:41-де сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталуда.  

Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД 35 қызметкер және 9 техника, апаттық медицина орталығынан 4 қызметкер және 1 техника жұмылдырылды. 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.