Атырау облысында 10 млрд теңге бюджет қаржысына қатысты заңбұзушылықтар анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Өңір әкімдігіне анықталған шығын сомасын қалпына келтіру тапсырылды

 

 

Фото: inbusiness.kz

Атырау облысының әкімдігі мемлекеттік аудит барысында анықталған заңбұзушылықтар мен кемшіліктерді жою бойынша шаралар қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Есеп комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті 2021 жылғы желтоқсанда Атырау облысына бөлінген бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізді.

«Мемлекеттік аудит барысында құрылыс қызметі саласында және денсаулық сақтау саласында бірқатар заңбұзушылық анықталды.

Осыған байланысты Атырау облысының әкімдігіне 10 035, 9 млн теңге мөлшерінде анықталған заңбұзушылықтар сомасын қалпына келтіру және өтеу бойынша шаралар қабылдау тапсырылды», - делінген ведомство хабарламасында.

Қазіргі уақытта Есеп комитетінің тапсырмасын орындау үшін 8 618,5 млн теңге қалпына келтірілді және 7,1 млн теңге өтелді.