Лисаковта 56 жастағы әйелді пәтерінде өлтіріп кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды

Фото: polisia.kz

Лисаковта зорлық-зомбылықтан көз жұмған 56 жастағы әйелдің денесі табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қостанай облыстық полиция департаментінің мәліметінше, әйелдің денесі 8 сәуір күні өз пәтерінен табылған.

«Лисаков қаласының тұрғыны 56 жастағы құрбысының үйіне барғанда, оның мәйіті жатқанын көрген. Әйелдің есігі құлыпталмаған күйі қалған. Сот-медициналық сараптамасы марқұмның зорлық-зомбылықтан көз жұмғанын анықтады», - делінген ПД хабарламасында.

Қылмыстық кодекстің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Қазіргі кезде жедел-тергеу тобы құрылды. Тергеу мүддесіне орай өзге мәліметтер жария етілмейді.