Шынайы паспорты жүктерінің арасынан табылған
Алматы әуежайында жалған құжат көрсеткен шетелдіктер ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«2022 жылғы 6 сәуірде Алматы қаласының әуежайында паспорттық бақылаудан өту кезінде жалған құжат көрсеткен Орталық Азия елдерінің 4 азаматы ұсталды. Жүктерін тексеру кезінде олардың нақты паспорттары табылды», деп көрсетті ҰҚК баспасөз қызметі.
Алдын ала деректер бойынша, олар жалған құжаттарды Қазақстан Республикасы арқылы транзитпен өту үшін сатып алған. Бір жалған төлқұжаттың құны 10 мың АҚШ долларын құраған.
Жалған құжаттар тәркіленді. Оларды елден депортациялау мәселесі қарастырылып жатыр.