Ол 7 жылға автомобиль басқару құқығынан айырылғанына қарамай көлікке отырған
Нұр-Сұлтан қаласы «Байқоңыр» АПБ Криминалдық полиция қызметкерлері «Mercedes» көлігін ұрлап кеткен күдіктіні қолға түсірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Шығыс Қазақстан облысының 33 жастағы тумасы ұрланған көлік иесінің туысы екені анықталған.
Белгілі болғандай олар бір күн бұрын жәбірленушінің үйінде ішімдік ішіпті. Ал таңертең көліктің кілтін рұқсатынсыз алып, оны айдап кеткен.
Күдікті 2019 жылы көлік жүргізу құқығынан айырылған болып шықты. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Полицейлер осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар ма екенін тексереді.