Келтірілген шығын көлемі 3 млн теңге
Түркістан облысында әйелімен жанжалдасып, өз үйін өртеп жіберген ер адам ұсталды. Бұл туралы Azattyq Rýhy otyrar.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Бәйдібек АПБ-ға жергілікті тұрғын хабарласып, өзінің 4 бөлмелі үйін күйеуінің қасақана өртегенін жеткізді. Үй ішінде тұрмыстық заттармен қоса, алтын бұйымдар болған.
Белгілі болғандай, ерлі-зайыптылардың арасында келіспеушілік туындаған. Содан түсініспеушіліктің арты дауға ұласып, ашуға бой алдырған азамат үйге өрт қойған. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, оған қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.