Ол неке туралы жалған куәлікпен сотталған адаммен кездеспек болған
Алматы облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ЛА-155/12 қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесіне сотталған адаммен кездесуге келген әйелдің құжаты жалған болып шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кездесуге келген азаматшаның құжаты белгіленген үлгідегі неке туралы куәлікпен сәйкес келмейтіні анықталған. Әйелдің айтуынша, ол 2019 жылы неке туралы куәлікті жедел алу үшін бейтаныс адамға ақша мен құжаттарын берген, содан кейін осы куәлікті алған.
«Мекеме қызметкерлерінің қырағылығының арқасында заңсыз кездесуге жол берілмеді. Аталған факт Қапшағай қаласының полиция бөлімшесінде тіркелді», - деді Алматы облысы бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары Қанат Ашов.