Қапшағайда ерлі-зайыпты асылған күйі табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Қайтыс болған ер адам 22 жаста болса, әйелі кәмелет жасына енді толыпты

Фото: autonews.ru

Қапшағайда жанармай бекетінің жанында ерлі зайыпты асылған күйі табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полицейлердің алдын ала болжамы бойынша олар суицид жасаған. Қайтыс болған ер адам 22 жаста болса, әйелі кәмелет жасына енді толыпты.

«Қаза болғандардың денелерінде зорлық-зомбылық іздері анықталған жоқ. Олар өз-өзіне қол жұмсауы мүмкін деген күдік бар. Оқиғаның басқа мән-жайлары анықталуда», - делінген Алматы облысының Полиция департаменті таратқан хабарламада.