Павлодар облысында ауыл тұрғыны әйел адамды қағып өлтірді

Автор: Azattyq Rýhy

Ер адам ауылдағы үйлердің бірінде ұсталды

 
Фото: ашық дереккөзден

Полиция екі қылмыстық бап бойынша тексеру жүргізуде, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

29 наурызда сағат 21:00-де Ақтоғай ауылында 55 жастағы ВАЗ-2114 жүргізушісі 56 жастағы ауыл тұрғынын қағып кетті. Жол апаты салдарынан әйел алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Құқық бұзушы оқиға орнынан қашып кеткен.

«Ер адам ауылдағы үйлердің бірінде ұсталды. Көлік айып тұрағына қойылды. Сараптама қорытындысы жүргізушінің сау екенін көрсетті», – деді полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Жол-көлік оқиғасын жасау және ЖКО орнын қалдыру фактісі бойынша құқық қорғау органдары Қазақстан Республикасы ҚК-нің 345 және 347-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.