Павлодар – Екібастұз автожолында жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Аталған фактіге қатысты тексеру жүргізіледі

Павлодар – Екібастұз автожолында жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті. Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 16 наурыз күні сағат 20:25-те Ленин кентінің жанында Павлодар – Екібастұз автожолында 41 жастағы «Мерседес Е 200» автокөлігінің жүргізушісі 1957 жылы туған жаяу жүргіншіні қағып кеткен. 

Жол апаты салдарынан жаяу жүргінші жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Аталған фактіге қатысты тексеру жүргізіледі.